Телережиссер Рубикжан Яхин дүниеден озды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Телережиссер Рубикжан Яхин дүниеден озды (ВИДЕО)

23.07.2014
Телережиссер  Рубикжан Яхин дүниеден озды (ВИДЕО)

Бүгін саналы ғұмырында қазақ телевизиясының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан телережиссер Рубикжан Яхин 59 жасқа қараған шағында  дүниеден озды.

Ол еңбек жолын Қазақ телевизиясында бас режиссер қызметінен бастады.

Кәсіби маманның 1986 жылы Желтоқсан оқиғасының ортасында жүріп, бейнетаспаға жазып алған кадрлары «Алтын қорда» әлі де сақтаулы.

Кейінгі жылдары Ұлттық арна ұжымында да  ауқымды жобаларды жүзеге асыруға атсалысты.

«Қазақстан» телеарнасы Арқаға қоныс аударғанда, жаңалықтар қызметінің жүйеленуіне үлесін қосты. Қазақ телевизиясының тарихында алғаш рет ашылған «KAZsport» телеарнасының да  бас режиссері қызметін атқарды.

 «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұжымы марқұмның туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады.

Ғаділбек Шалахметов,  қоғам қайраткері:

 Көп ауырған жоқ. Енді балалары, отбасы Рубикжанның арман-мақсатын іске асырады, деп ойлаймын. Жатқан жері жайлы болсын.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу