Гус Хиддинк Нидерланд құрамасынан кетпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гус Хиддинк Нидерланд құрамасынан кетпейді

21.10.2014
Гус Хиддинк Нидерланд құрамасынан кетпейді

Нидерланд королдігінің футбол одағы (KNVB) құраманың бас бапкері Гус Хиддинкті қызметінен босатпау туралы шешімге келді. 

Айта кетейік, Нидерланд құрамасы Еуропа-2016 чемпионатының іріктеу кезеңінде сәтсіз ойын өрнегін көрсеткен болатын. Алайда, KNVB бас бапкерге бұл қателіктермен жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр.

Басты себеп – әзірге Хиддинктің орнын басар бапкер жоқ. 

Енді Нидерланд құрамасы қараша айында Мексика және Латвия құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды vesti.kz.
 

Сурет: fc-anji.ru

Хабарламаларға жазылу