Еуро-2016. «Ньюкасл» футболшысы Янмат Қазақстан құрамасына қарсы ойнамайды

06.10.2014
Еуро-2016. «Ньюкасл» футболшысы Янмат Қазақстан құрамасына қарсы ойнамайды

Англиялық «Ньюкасл» клубы мен Нидерланд құрамасының қорғаушысы Дарил Янмат Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарының аясында Қазақстан мен Исландия құрамаларына қарсы ойнамайды, деп хабарлайды Нидерландтың Корольдік футбол одағының ремис сайты (KNVB).

Қорғаушы Англия Прьемер-Лигасының 7-ші турында «Суонси Сити» клубына қарсы ойында (2:2) жарақат алған. Осыған байланысты, Нидерланд құрамасының бас бапкері Гус Хиддинк Ұлттық командаға германиялық «Аугсбург» клубының ойыншысы Паул Верхагты шақыртқан.

Нидерланд футболшылары Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Чехия командасына 1:2 есебімен ұтылған. Енді 10-шы қазан күні Қазақстанмен, ал 13-ші қазан күні Рейкьявикте Исландия футболшыларымен ойнайды.

Еске сала кетейік, 10-қазан күні Амстердамда өтетін Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Нидерланд арасындағы ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат түнгі 00:35-те тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу