Бразилия құрамасының бас бапкері болып Тите тағайындалуы мүмкін

10.07.2014
Бразилия құрамасының бас бапкері болып Тите тағайындалуы мүмкін

Бразилия құрамасының  жаңа бапкері болып «Коринтианс» клубының бұрынғы жаттықтырушысы Аденор Леонардо Бакки - «Тите» тағайындалуы мүмкін.

Әлем чемпионатының жартылай финалында бразилиялықтар Германия құрамасынан 1:7 есебімен жеңіліс тапқан соң Бразилия футбол конфедерациясының вице-президенті Делфим Пейшото Сколаридің бапкерлік кызметінен кетуі керектігін  талап етті. Оның айтуынша, Сколари қате шешімдер қабылдап, оның соңы осындай масқараға әкелген.  Бұл пентакампеондардың Әлем чемпионаттары тарихында болған ең ірі жеңілісі.

Естеріңізге сала кетейік, Әлем чемпионатының финалында Германия мен Аргентина құрамалары кездеседі. Матч шілденің 13-нен 14-іне қараған түні, сағат 01:00-де басталады. Ал, Бразилия мен Нидерланд құрамалары арасындағы үшінші орын үшін өтетін матч шілденің 12-нен 13-не қараған түні, сағат 01:00-де басталады.

 

Хабарламаларға жазылу