Еуро-2016. Нидерланд – Қазақстан матчы 3:1 есебімен аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Нидерланд – Қазақстан матчы 3:1 есебімен аяқталды

11.10.2014
Еуро-2016. Нидерланд – Қазақстан  матчы 3:1 есебімен аяқталды

Футболдан Еуро – 2016 іріктеу ойындары аясында Қазақстан ұлттық құрамасы 2014 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Нидерланд құрамасымен кездесті.

«Амстердам Аренада» өткен матчтың алғашқы минуттарынан ақ алаң иелері допты иелік ете бастады. Бұл ойында жергілікті жанкүйерлердің бар сенімі «Баварияның» үздікі ойыншысы Роббен мен «Манчестер Юнайтедтің» ширақ шабуылшысы Ван Перси болатын.  Сонымен қатар, Снейдерде бұл тізімге енді.

Үздік үштіктің шеберлігінің арқасында 11 минутта Қазақстан қақпасына алғашқы голды Робин Ван Перси салған еді. Алайда, голдың авторы ойыннан тыс қалып қойды.

Араға бірнеше минут салып Андрей Карповичтың әуелеп асырған бұрыштама добын Ренат Абдулин баспен қақпаға тура бағыттап, есеп ашты. 0:1.

 Осыдан кейін қарсыластар қарқыны күшейді. Гус Хиддинк шәкірттері қанша мүмкіндіктерді мүлт жіберіп алғашқы таймда есепті теңестіре алмады. 

Ал, ойынның екінші бөлігін Нидерланд құрамасы ойынды толығымен өз қолына алды. Дегенмен, қанша қауіпті сәттер ұйымдастырса да нәтиже өзгермеді. Шарасыздан Гус Хиддинк жаңа ойыншыларды шығарды. Ойынның 56 минутында Де Йонгты Хунтелларға алмастырды.

 Аз ғана уақыт аралығында «Шальке» шабуылшысы есепті теңестіріп, командаластарының қошеметіне бөленді. Жіберілген голдан соң ойынның 64 минутында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Жолшиев алаңнан қуылды. Ол Ибраһим Афеллайды құлатқаны үшін қызыл қағазын алды.

Кейін Красножан алаңға Гурман мен Коробкинді қосты. Бірақ, қорғаушылар қанша қорғанса да, тең  есепті ұстап қала аламады. 82 минутта Афеллайдың алаң иелерін алға шығарды.  Ал,ойынның аяқталуына санаулы минут қалғанда словениялық төреші Мокин қорғаған қақпаға пенальти белгіледі. Сол аяқпен сол бұрышқа сарт еткізген Ван Перси үшінші голды салып есепті еселей түсті.  Қорытынды есеп – 3:1.

Фото: www.dailymail.co.uk

Хабарламаларға жазылу