Рональд Куман: Мен Нидерланд құрамасының бапкері болмаймын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рональд Куман: Мен Нидерланд құрамасының бапкері болмаймын

17.10.2014
Рональд Куман: Мен Нидерланд құрамасының бапкері болмаймын

«Саутгемптон» командасының бас бапкері Рональд Куман өз қызметінен кетпейтінін мәлімдеді.

«Мен «Саутгемптонның» бапкерімен. Құраманың емес. Құрамаға бапкер болмаймын», - деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Нидерланд құрамасының  нәтижесі көңіл көншітпейді. Айта кетейік, құрама Еуро-2016 іріктеу кезеңінде 3 ұпайға ғана қол жеткізген болатын. Гус Хиддинк шәкірттері Чехия (1:2) мен Исландияға (0:2) есе жіберіп, тек Қазақстанды (3:1) ұтты.

 

Сурет: www.eurosport.ru

Хабарламаларға жазылу