Александр Бородюк «Қайрат» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды

28.12.2015
Александр Бородюк «Қайрат» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды

Алматылық «Қайрат» футбол клубы ресейлік Александр Бородюкпен үшжылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды команданың ресми сайты.

Александр Бородюк футболшы ретінде карьерасын Воронеж қаласының «Факел» командасында бастаған. Осыдан кейін КСРО Чемпионатында вологдалық және мәскеулік «Динамо» сапында 10 жыл доп теуіп, Германияға жол тартады.

Ол «Шальке-04» құрамында 120 матч ойнап, 41 гол соққан. Сонымен қатар, Александр Бородюк германиялық «Фрайбург» пен «Ганновер 96» командаларында және ресейлік «Локомотив», «Торпедо» мен «Крылья Советовте» ойнайды. Ал, футболдан КСРО құрамында Олимпиада чемпионы атанады.

Александр Бородюк бапкерлік жұмысты 2001 жылы ресейлік «Крылья Советов» командасында бастайды. Ал, 2002 А.Бородюк Ресей құрамасындағы бапкерлердің бірі болып жұмыс істейді. Үш жылдан кейін Ресейдің жастар құрамасына бас бапкер болып тағайындалады. Бірақ, бас құрамада аға бапкер ретінде Гус Хиддинк пен Дик Адвокатқа көмектеседі.

2013 жылы Александр Бородюк мәскеулік «Торпедо» клубын тізгіндеп, оны Ресей Премьер-лигасына шығарады.

Келісімшарт бойынша Александр Бородюк «Қайраттың» бас бапкері болып 3 жыл жұмыс істейді.

Хабарламаларға жазылу