Атырау облысында кадрлар дайындау жүйесін бірлесіп дамыту тетіктері жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеу мәселесі, мұнай-газ саласындағы еңбек нарығының ағымдағы қажеттіліктері талқыланды. Кеңес Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықованың қатысуымен өтті.
Кеңеске қатысушылар APEC Petrotechnic өңіраралық орталығының базасында мемлекеттік органдар мен мұнай-газ компанияларының қатысуымен индустриялық кеңестің қамқоршы кеңесін құру мәселесін талқылады. Өңіраралық оқу орталығының инновациялық оқыту жетістіктерімен және түлектердің кәсіби дайындықтарымен танысты.
Г.Әбдіхалықова өз сөзінде, жас мамандарды жұмыспен қамту мәселесінің өзектілігін атап өтті. Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кеніштері мен еліміздегі үш мұнай-газ өңдеу зауытын кадрлармен қамтамасыз етудің бірыңғай әдістерін әзірлеуді тапсырды.
Сондай-ақ, Энергетика министрлігіне «Мамандыққа кіріспе – бірінші жұмыс мамандығын алу» жобасы аясында жастарды оқытуға қосылу туралы тапсырма берілді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан жастарды бірінші жұмыс мамандығымен қамтамасыз етуге бағытталған бұл жоба «Кәсіпқор» холдингінің Атырау кәсіптік орталығында ілкі сынақтан өтуде.
Фото: kapital.kz