Астанада қазан-қараша айында алты балабақша ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қазан-қараша айында алты балабақша ашылады

14.10.2014
Астанада қазан-қараша айында алты балабақша ашылады

Жыл соңына дейін Астана инфрақұрылымы жаңа алты балабақшамен толыға түседі. Жалпы алғанда, мектепке дейінгі білім мекемелері 1400 балаға есептелген.

Астана қаласы Құрылыс басқармасының хабарлауынша, қазан айының соңына дейін төртеуі ашылады.  Олар Түркістан, Керей мен Жәнібек хандар және Орынбор көшелерінің орамында, Алматы мен Ақмешіт көшелерінің аумағында орналасқан.

Айнакөл мен Мирзоян көшелері  және Нәжімеденов пен Мирзоян көшелерінің қиылысындағы нысандардың құрылысы аяқталып қалды. Жаңадан ашылатын балабақшалардың әрқайсысы 240 жуық баланы қабылдай алады.

Сонымен қатар, қарашада Түркістан мен Орынбор және №25 пен №26 көшелердің қиылысында (200 орын), Айнакөл мен Жұмабаев көшелерінің қиылысында (240 орын) орналасқан екі балабақша ашылады.

Хабарламаларға жазылу