2014 жылғы қаңтар-тамыз аралығында елімізде халық саны 169,7 мың адамға немес 1 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«Биыл 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздегі халық саны 17 млн. 330,5 мың адамды құрады. Соның ішінде қалалықтар - 9 млн. 560,3 мың (55,2 пайыз), ауылдықтар - 7 млн. 770,2 мың адамды (44,8 пайыз) құрады. 2014 жылғы қаңтар-тамызда елімізде халық саны 169,7 мың адамға немесе 1 пайызға өсті. 2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдаймен салыстырғанда халық саны 254,8 мың адамға немесе 1,5 пайызға өсті», - деді комитет басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, АХАТ органдары ұсынған мәліметтер бойынша биылғы қаңтар-тамызда туған сәбилер саны 266,2 мыңға жетіп, 2013 жылғы кезеңмен салыстырғанда 5,1 мың адамға артты немесе 2 пайызға өсті.
ҚазАқпарат