Абай атындағы опера және балет театрында ерекше мұражай ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай атындағы опера және балет театрында ерекше мұражай ашылды

16.03.2016
Абай атындағы опера және балет театрында ерекше мұражай ашылды

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жаңа ерекше театралдық мұражай ашылды. Ашылу рәсіміне Қазақстанның көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды mks.gov.kz.

Абай атындағы МАОБТ – көптеген онжылдықтар бойы сахнасында мемлекетіміздің мәдени революциясы жүзеге асырылған Қазақстанның ең көне театрларының бірі. Ол меценат Марғұлан Сейсембаевтың қолдауымен және Абай атындағы МАОБТ ұжымы мен Досым Сатпаевтың жеке мәдени-ағартушылық қорының бірлескен күшімен ұйымдастырылған. Жаңа мұражайдың қоры бірнеше экспозициядан тұрады.

Бірінші экспозицияда театрдың негізін қалаушылардың қызметімен байланысты сирек мұрағаттық фотоқұжаттар топтастырылған. Екіншісінде, өткен ғасырдың 40-шы жылдарынан театрдың опера және балет әртістері киіп өнер көрсеткен 15 театралдық костюм ұсынылған.

«Эскиздер мен афишалар» атты тағы бір экспозицияда музей қонақтары ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап, театрда сахналанған қойылымдардың 40-тан аса раритет афишалары, костюмдер мен декорациялар эскиздері көрмеленген.

Хабарламаларға жазылу