Ақтауда Орталық Азия мемлекеттерінің V халықаралық театр фестивалі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда Орталық Азия мемлекеттерінің V халықаралық театр фестивалі өтуде

27.10.2014
Ақтауда Орталық Азия мемлекеттерінің V халықаралық театр фестивалі өтуде

Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен 25-31 қазан аралығында Ақтау қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің V халықаралық театр фестивалі өтуде, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

Халықаралық театр фестивалінің мақсаты - Орталық Азия елдері мен Қазақстанның театр өнері саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, театр өнерін дамыту, театрлардың шығармашылық бастамаларын ынтыландыру, кәсіби қатынасқа және бірлескен шығармашылық жобаларға жағдай жасап, театр жұртшылығының назарын театрдың заманауи жаңалықтарына назарын аудару.

Фестиваль бағдарламасына шетелдік, отандық, классикалық және қазіргі заман авторларының қойылымдары енді (А.Николаи, А.Абушахманов, Е.Азам, И.Усмонов, А.Кодири, С.Досанов, Н.Гоголь,А.Шнитке,С.Цвейг, Ж.Ануй).

Фестивальға Астрахань драма театры (Ресей), М.Ғафури атындағы Башқұрт академиялық драма театры (Ресей Федерациясы, Башқұрт Республикасы), Мулла Туйчи атындағы Қашқадария облыстық музыкалық драма театры (Өзбекстан), А.Мұхаммаджанов атындағы Хатлон облыстық музыкалық комедия театры (Тәжікстан), Ш.Термечиков атындағы Шу облыстық театры (Қырғыз Республикасы), Астана қаласының жастар театры, Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры және Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының театр ұжымдары қатысады.

 

 

Хабарламаларға жазылу