«Қаллеки» театры халықаралық байқауда бас жүлдені алды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаллеки» театры халықаралық байқауда бас жүлдені алды (ФОТО)

07.12.2015
«Қаллеки» театры халықаралық байқауда бас жүлдені алды (ФОТО)

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Мәскеуде өткен XIII Халықаралық «Золотой витязь» театр форумынан бас жүлдемен оралды.

Аталмыш форумға ресейлік театрлардан өзге Сербия, Болгария, Қазақстан мен тағы басқа шетелдік театр өкілдері қатысты. Форумның комиссия мүшелері бір жылдың көлемінде жүзге жуық қойылымдарды тамашалап, жиырма бес спектакльді таңдаған. Жиырма бестіктің ішіне кірген Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры «Тыраулап ұшқан тырналар» (Авторы: В.Ежов, реж.: Т. Теменов, Қазақстанның Халық артисі) лирикалық драмасымен қатысып, қазылар алқасының шешімімен «ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬ 2015» кубогы, яғни ГРАН-ПРИ иегері атанды.

Сондай-ақ, қойылым барысында өз өнерлерін ортаға салған     Қазақстанның  Халық артисі Тілектес Меймрамов – полковник Лукьянов, актер Әбәлмансұр Серіков– Пернебек Боранбаев, актриса Ақмарал Таңбаева - Инга рөлдері үшін «Золотой  витязьдің» алтын дипломанттары атанды, деп хабарлайды театрдың ақпарат орталығы. 

Бұл – қазақ театрының жемісі, «Қаллекиліктердің» кезекті жеңісі болды!

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу