Қ.Қыстықбаев - Қасым рөлі үшін «Почета Кузбасса» орденімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Қыстықбаев - Қасым рөлі үшін «Почета Кузбасса» орденімен марапатталды

17.10.2014
Қ.Қыстықбаев - Қасым рөлі үшін «Почета Кузбасса» орденімен марапатталды

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері Қуандық Қыстықбаев «Почета Кузбасса» орденімен марапатталды, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

Ресей Федерациясы Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеевтен арнайы телефонограмма келді. Телефонограммада Губернатор Аман Төлеев «Қасым» фильмінен алған әсерін баяндаған. Аталмыш фильмде Қасым рөлін сомдаған актер Қуандық Қыстықбаевқа денсаулық, бақыт және шығармашылық толағай табыс тілеп, Кемеров облысының «Почета Кузбасса» арнайы құрмет орденін жолдаған.

Хабарламаларға жазылу