«Қолжетімді тұрғын үй- 2020» бағдарламасы бойынша көппәтерлі тұрғын үй тапсырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қолжетімді тұрғын үй- 2020» бағдарламасы бойынша көппәтерлі тұрғын үй тапсырылды

07.10.2014
«Қолжетімді тұрғын үй- 2020» бағдарламасы бойынша көппәтерлі тұрғын үй тапсырылды

Астанада «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында Сейфуллин және Бейсекова көшелерінің қиылысында тағы да бір үй салынды. Тоғыз қабатты төрт кіреберісі бар жаңа тұрғын үйде 198 пәтер бар. Учаскенің бастығы Байкенов Еріктің айтуынша, адамдар бір аптадан кейін қоныстанады.

«Үйдің құрылысы екі жыл бұрын басталды. Орта есеппен бір бөлмелі пәтердің ауданы 35 шаршы метр, төрт бөлмелілер - 70 шаршы метрге жуық. Пәтерлер таза әрленген күйде тапсырылады, енді жарық тарту ғана қалды. Содан кейін жылу қосылады да тұрғындар өз пәтерлеріне қоныстана бастайды», - деді Байкенов.

Жаңа үйде 74 бір бөлмелі, 88 екі бөлмелі, 20 үш бөлмелі және 16 төрт бөлмелі пәтер болады. Бүгінгі таңда үйдің құжаттары дайындалу үстінде. Баспана сатып алушылар мен жалға алушылар пулының қатысушылары төлем қабілеттігін қайта растау үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне құжаттар тапсыру аяқталды.

Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы банктен төлем қабілеттілігін растаған Бағдарлама қатысушыларының тізімін алғаннан кейін оларды сатып алу-сату келісімін жасау үшін шақырады.

Айта кетейік, биыл жазда Айнакөл көшесінде (Жұмабаев пен Қордай көшелерінің арасында) орналасқан тағы да бір көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 2014 жылы Астанада «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында Брусиловский, Иманов және Жұбанов көшелерінің қиылысында 272 пәтерлік тұрғын үй кешенінің құрылысы басталып, оны 2015 жылы аяқтау жоспарланған.

Жыл басынан бері Тұрғын үй басқармасы мемлекеттік бағдарламаның «Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша жалпы ауданы 84,17 мың шаршы метрді құрайтын 1581 пәтерлік жеті тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

Хабарламаларға жазылу