Facebook мобильдік WhatsApp мессенджерін сатып алуды аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Facebook мобильдік WhatsApp мессенджерін сатып алуды аяқтады

07.10.2014
Facebook мобильдік WhatsApp мессенджерін сатып алуды аяқтады

Әлемдегі ең алып Facebook әлеуметтік желісі танымал WhatsApp мессенджерін сатып алу жөніндегі келісімді аяқтады. Келісім құны – 19 миллиард долларды құрады. Енді әлеуметтік желі оның барлық құқығына ие, алайда мессенджер Facebook құрамында жеке бөлімше ретінде жұмысын жалғастырады.

WhatsApp-тың негізін қалаушы және бас директоры Ян Кум сервистің басшысы болып қалады. Сонымен қатар, ол Facebook компаниясының директорлар кеңесіне кіретін болды. Оның бастапқы жалақысы – жылына 1 АҚШ доллар. Ал өтемақының негізі соммасы акциямен төленеді.

Бұл Facebook үшін қымбат келісімшартың бірі болды және бір ғана жеке мобильдік қосымша үшін ең қомақты сомма төленді. Келісімшарт бойынша, WhatsApp енді Facebook компаниясының 12 миллиард тұратын акциясын иеленіп, 4 миллиард АҚШ долларын қолма-қол алады. Сонымен қатар, егер келесі 4 жыл ішінде мессенджер қаржылық өсім көрсетсе, Facebook-тің тағы 3 миллиард тұратын акциясын иеленеді.

Хабарламаларға жазылу