Microsoft компаниясы Nokia-ның 1 мыңнан аса қызметкерін қысқартуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Microsoft компаниясы Nokia-ның 1 мыңнан аса қызметкерін қысқартуда

31.08.2014
Microsoft компаниясы Nokia-ның 1 мыңнан аса қызметкерін қысқартуда

Америкалық Microsoft корпорациясы Nokia мобильдік компаниясын сатып алғаннан кейін Финляндиядағы қызметкерлерді қысқарту туралы келіссөздерді аяқтады, деп хабарлайды «Финляндиялық телеграфтық бюро» (STT).  

Келіссөздер қорытындысы бойынша, жылдың соңына дейін Финляндиядағы Nokia-ның 1,05 мың қызметкері жұмыстан босатылады. Бұл шілдеде жариялаған алғашқы жоспарға қарағанда біршама аз. Алайда, осыған қоса, компанияның Оул қаласындағы мобильді телефондарды дамыту бөлімшесі жабылмақ.

Microsoft келесі жылы тағы 18 мың адамды жұмыстан шығарады деген болжам бар. Олардың 12,5 мыңы әлемнің әр түкпірінде орналасқан Nokia компаниясының қызметкерлері.

Бұл қысқартулардың барлығы финляндиялық компанияның мобильдік бизнесін америкалық Microsoft корпорацияның 5,4 миллиард долларға сатып алуына байланысты.  

 

Хабарламаларға жазылу