Facebook, Instagram, Whatsapp қайта жұмыс істей бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Facebook, Instagram, Whatsapp қайта жұмыс істей бастады

05.10.2021

Facebook, WhatsApp және Instagram әлеуметтік желілері қайта қосылды. Бұған дейін әлемнің көптеген елінде әлеуметтік желілер алты сағат бойы жұмыс істеген жоқ. Бұл проблема әлемде миллиондаған адамды қамтыды. Еліміздің аумағында да әлеуметтік желілерге қосылуда қиындықтар туындаған еді. Сервистердің мобильдік қосымшаларымен қоса сайттары да жұмыс істемеген. Ақау Telegram, Tiktok, Twitter жұмысында да байқалды. The Wall Street Journal-дың мәліметінше, Фейсбук корпорациясының ішкі коммуникациясында да проблема туындап, қызметкерлерінің бейдждері істен шығып, ғимарат ішіне кіре алмаған. Компания басшысы Марк Цукерберг туындаған ақау үшін пайдаланушылардан кешірім сұрады. Әзірге, әлеуметтік желілердің жұмысы неліктен тоқтағаны белгісіз. Нью-Йорк Таймс газеті болса, ақауға кибершабуыл себеп болуы мүмкін екенін жоққа шығарып отыр. Тағы бір айта кетері - жаһандық ақаудан ең ірі IT-компаниялардың акциялары арзандады. Мысалы, жоғары технологиялық НАСДАГ индексі 2,3 пайызға, Фейсбук акциясы 5,28, ал Apple акциясы 2.57 пайызға төмендеді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу