Жуық арада Facebook ұялы телефондағы чат қызметін өшіріп тастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жуық арада Facebook ұялы телефондағы чат қызметін өшіріп тастайды

30.07.2014
Жуық арада Facebook ұялы телефондағы чат қызметін өшіріп тастайды

Facebook IOS, Android және Windows Phone платформалары үшін мобильдік қосымшалардағы чат қызметін өшіріп тастамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Facebook-те достарымен тікелей тілдескісі келетіндер енді Facebook Messenger қосымшасын іске қосулары керек болады. Аталмыш компания қызметкерлері осылайша қызметтердің ара жігін ажыратып, мобильдік қосымшаны пайдаланбақ. Сондай-ақ, бұл құрылғыны қолайлы, деп санайды компания өкілдері.

Айта кетейік, Facebook пайдаланушылары бір күнде 12 миллиардқа жуық хабарлама жазады екен.

Хабарламаларға жазылу