Whatsapp топтық бейнеқоңырауға қатысушылар санын көбейтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Whatsapp топтық бейнеқоңырауға қатысушылар санын көбейтуде

23.04.2020
Whatsapp топтық бейнеқоңырауға қатысушылар санын көбейтуде

Whatsapp мессенджерін әзіреушілер топтық видеоқоңыраулардың мүмкіндігін кеңейтуде. Алдағы уақытта бейнебайланысқа сегіз адамға дейін қосыла алатын болады.

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда мұндай мүмкіндік мессенджердің бета-нұсқасында ғана қолжетімді. Бұл қызмет түрі сынақтамалардан толық өткен соң Whatsapp мессенджерін қолданатын барлық адамдарға қолжетімді болады.

Қазір кеңейтілген топтық қоңыраудың мүмкіндігін пайдалану үшін барлық қолданушыларда мессенджердің өзекті бета-нұсқасы орнатылуы тиіс.


Хабарламаларға жазылу