WhatsApp желісін пайдаланушылар саны миллиардқа жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WhatsApp желісін пайдаланушылар саны миллиардқа жетті

02.02.2016
WhatsApp желісін пайдаланушылар саны миллиардқа жетті

Бұны lenta.ru хабарлады.

Баспасөз мәліметтерінде  желінің 7 мобильді платформадан 53 тілде қолжетімді екендігі айтылады. Сонымен қатар, осы мессенджер арқылы күніне 42 миллиард хабарлама, 1,6 миллиард сурет, 250 миллион бейнежазылым жіберіледі екен. 

WhatsApp желісін 2009 жылы хакер Ян Кум іске қосты. Сәл кейінірек, оның бұл бастамасына оның Yahoo компаниясындағы әріптесі Брайан Эктон араласқан.

2011 жылдың қарашасында WhatsApp iOS үшін ең танымал ақылы, әлеуметтік желіге айналды. Ал, мессенджердің Androidқа деген жүктемесі 10 миллионға жетті. 2014 жылдың ақпан айында WhatsAppты  Facebook әлеуметтік желісі 19 миллиард долларға сатып алды.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап, мессенджер толықтай тегін қызмет ететін болды.  2015 жылдың желтоқсан айынын бастап, месенджерді тұрғындарының 93 пайызы қолданатын Бразилия биілігі 48 сағатқа бұғаттап тастады. Бұл әрекет компания өкілдерінің сотқа қылмыстық тергеумен байланысты деректерді беруден бас тартуымен байланысты болған.

Хабарламаларға жазылу