Мәскеуде Құрбан айт намазына арнайы алаңдар бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде Құрбан айт намазына арнайы алаңдар бөлінді

02.10.2014
Мәскеуде Құрбан айт намазына арнайы алаңдар бөлінді

Көрші Ресейдің Мәскеу қаласындағы Құрбан айт намазы 4 қазан күні сағат 08.20-да басталады. Құран қалалық мешіттерде және Мәскеу қаласының билігі арнайы бөлген алаңдарда оқылады. Бұл туралы Ресей мүфтилері кеңесінің баспасөз қызметі хабарлады.

Келушілерге бағыт беру үшін Ресей мүфтилері кеңесінің қырғыз, өзбек, тәжік тілдерін білетін ондаған волонтер маманы қызмет етеді.  

Құрбан айт намазы үшін арнайы бөлінген алаңдар мыналар:

1. Бунин аллеясы атындағы «Изумрудный» денешынықтыру-сауықтыру кешенінің жанындағы шатыр;

2. Адропов даңғылындағы «60-летия Октября» саябағы.

Фото: muslim.ru

Хабарламаларға жазылу