Алтынбек Қоразбаев: Ел мүддесі үшін қабылданатын әр шешім маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтынбек Қоразбаев: Ел мүддесі үшін қабылданатын әр шешім маңызды

05.06.2022

Референдум – ұрпақ болашағы үшін таңдау жасайтын маңызды күн. Алматыдағы №211 референдум учаскесінде дауыс берген әнші, халық әртісі Алтынбек Қоразбаев осылай дейді. Елге белгілі композитор мемлекеттің қоғамдық саяси өміріндегі саяси науқанға өз көзқарасын білдірді.

Алтынбек Қоразбаев, әнші, ҚР Халық артисі:

Ата заңымыздың негізгі бірнеше тармақтарын өзгерту үшін Қазақстанның азаматымын деген азаматтар келіп, мінеки, дауыс беріп жатыр.Менде өз атымнан, қазақ елінің,қазақ өнерінің атынан өз даусымды осы референдумды қолдап дауыс бердім.

Саяси науқанға қатысқан танымал тұлғаның тағы бірі -Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман. Белгілі ақын Медеу ауданының нөмірі 362-референдум учаскесінде дауыс берді. Ел мүддесі үшін қабылданатын әр шешім маңызды. Сондықтан референдумға қоғам түгелдей ат салысуы керек дейді, Жүрсін Ерман.



Хабарламаларға жазылу