«Құс қанат ғұмыр» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Құс қанат ғұмыр»

02.01.2016
«Құс қанат ғұмыр»

Кез келген әні жүректен шығып, жүректерге жететін әнші Мейрамбек Бесбаевты білмейтін қазақ, тыңдамайтын жан жоқ шығар, сірә.

Әншінің «Құс қанат ғұмыр» атты жеке шығармашылық кешін бүгін 14.45-те Ұлттық арнадан тамашалаңыздар.

Айта кету керек, кештен  әншінің өзінің  ғана емес, ұстазы Алтынбек Қоразбаев, «МузАРТ» тобы, Тоқтар Серіков, Жанар Айжанова, Мөлдір Әуелбекова және Сандуғаш Стамғазиева сынды қазақ эстрадасы өнерпаздарының әндерін де тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу