Астанада Халық әртісі Алтынбек Қоразбаевтың концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Халық әртісі Алтынбек Қоразбаевтың концерті өтті

08.06.2018

Кеше Қазақстанның Халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алтынбек Қоразбаевтың «Сәлем саған, Астана!» атты концерті өтті. Шығармашылық кеш Алтынбек Қоразбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылды. Концерт елорданың 20 жылдық мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Кеште Мақпал Жүнісова, Бағдат Сәмединова, «МузАрт» тобы, Тоқтар мен Бейбіт, Саят Медеуов сынды қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті. Мерекелік жиын оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста өтті. Кеште мерейтой иесі шәкірттері, ізбасарлары,  немере шәкірттерімен қосылып дуэт те орындады. Концертте жұртшылыққа бұрыннан танымал әндермен қоса, жаңа әндер де шырқалды. 

Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

- Концерт жақсы өтіп жатыр, мінекей. Концертке бүкіл қазақтың өнер жұлдыздары қатысуда. Елді әнмен сусындатуға біз әруақытта дайынбыз.

Тоқтар Серіков, әнші, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері:

- Жалпы, бұл кеш өз деңгейінде өтіп жатыр. Себебі, Алтынбек Қоразбаев біздің ғана сүйікті ұстазымыз, әншіміз емес, жалпы, қазақ жұртының сүйікті әншісі, композиторы. 

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу