Билл Гейтс 21-ші мәрте АҚШ-тың ең бай азаматы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Билл Гейтс 21-ші мәрте АҚШ-тың ең бай азаматы атанды

30.09.2014
Билл Гейтс 21-ші мәрте АҚШ-тың ең бай азаматы атанды

«Microsoft»-тің негізін қалаушысы Бил Гейтс осымен 21-ші мәрте АҚШ-тағы 400 бай адам тізімінде топ бастап тұр, деп хабарлайды Forbes.

Сарапшылардың есептеуінше, қазіргі уақытта оның байлығы 81,2 миллиард АҚШ долларын құрайды. 2014 жылдың наурыз айында оның қаржысы 76 миллиард АҚШ долларына бағаланған болатын.

Ал, тізімнің екінші орнында Уоррен Баффет, үшінші болып «Оracle»-дің негізін қалаушы Ларри Эллисон тұр. Google-дің негізін қалаушылардың бірі Сергей Брин - 14-ші орында.

 

Фото: zn.ua

Хабарламаларға жазылу