Ең бай қазақстандықтардың жаңа тізімі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ең бай қазақстандықтардың жаңа тізімі жарияланды

02.03.2016
Ең бай қазақстандықтардың жаңа тізімі жарияланды

Қазақстандағы ең ауқатты адамдардың жаңа тізімі жарияланды. Топ бастап тұрған Болат Өтемұратов. Билік пен бизнесті қоса алып жүрген Өтемұратовтың байлығы 2,3 миллиард долларды құрайды.

Forbes журналының жыл сайынғы рейтингіне сәйкес Болат Өтемұратов әлемдегі миллардерлердің тізімінде 771 орынға жайғасқан. Ал, Қазақстан бойынша екінші орынға жайғасқан Тимур мен Динара Құлыбаевалар. Олардың осы уақытқа дейін жиған-тергені әрқайсысында 2 миллиард доллардан бағаланып, әлемдік рейтингте 906 орында тұр. Бұдан бөлек, ең бай қазақстандықтардың бестігіне Әлиджан Ибрагимов пен Владимир Ким кірген. Ал әлем байлары тізімінің басында америкалық IT корпорациясы Microsoft-тың негізін қалаған Билл Гейтс тұр. Оның мүлкі 75 млрд долларға бағаланған.

Хабарламаларға жазылу