Билл Гейтс туралы қызықты мәліметтер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Билл Гейтс туралы қызықты мәліметтер

17.10.2015
Билл Гейтс туралы қызықты мәліметтер

Билл Гейтс – әлемді өзгерткен адамдар қатарына жатады. Басқа миллиардерлерден айырмашылығы – бәріне  өзінің күшімен қол жеткізген. 

Назарларыңызға Билл Гейтс туралы қызықты мәліметтерді ұсынамыз:

Еңбек жолын хакерліктен  бастаған

13 жасында  Билл Гейтс мектеп компьютерін бұзған. Оған достары да көмектескен. Бірақ оқушыға жаза қолданылмаған. Тіпті оны  компьютерлік орталықта жұмыс істеуге шақырған.

Ата-анасы бір жыл компьютерге жолауға тыйым салған

Билге компьютерге кіруге рұқсат бермеген. Тіпті оған жолауға тыйым салған. Оның әке-шешесі компьютерді «әзәзіл машинасы» деп атаған. Алайда Билл атақты адамдар, олардың табысқа жету жолдары туралы кітаптарды оқуды жалғастырған.

Билдің мектеп кезіндегі алғашқы табысы

Есейген соң бағдарламалаумен айналысқан. Ақша табу үшін мектебіндегі сабақ кестесінің электронды нұсқасының бағдарламасын жасаған. Оның бұл жұмысы мектеп ұжымына ұнап, бағдарламасын 4200 АҚШ долларына сатып алған.

Емтиханның таңғаларлық қорытындысы 

Ол мектепті 1973 жылы бітірген. Оқуды Гарвард университетінде жалғастыруға бел буған. Билл Гейтс барлық емтиханды жоғары бағаға тапсырған. Жалпы 1600 балдың 1590-ын жинаған.

Дәріс жалықтырған

Оқуға түскен соң Билл  сабақты қойып, покер ойнаған. Алайда бағдарламалауды жалғастырған.

Билл миллионер болатынын айтқан

Институтта мұғалімдердің бәріне 30 жасында миллионер атанатынын хабарлаған. Профессорлар Билден жақсы бағдарламалаушы шығатынын, бірақ нашар адам болатынын айтқан.

Билл Гейтс 31 жасында миллиардер атанған

Тәртіпсіздігінің кесірінен 1974 жылы болашақ Microsoft басшысы ауруханаға түсіп, оқуы үзіліп қалған.

Ең табысты адам

Билл Гейтс – ең табысты адам. Бірақ ол Гарвардты аяқтамаған. Тек оқуын бір жылдан кейін ғана бітіріп шыққан.

Оның орынсыз болжамдары

Билл орынсыз болжамдар көп айтқан. Алғашында интернеттің болашағы жоқ деп сендірген. Одан кейін компьютер қолданушыларына 640КБ жетеді деген. Сондай-ақ, Microsoft  ешқашан 32-биттік Windows нұсқасын шығармайтынын айтқан.

Билл Гейтс бірнеше рет заң бұзған

Билл қатты жылдамдықпен жүргені үшін оның атына айыппұл көп жазылған. Бір кездері жүргізушілік куәлігінсіз көлік жүргізгені үшін қамалған. Сонымен қатар, мас күйінде рөлге отырған кезінде ұсталған.

Стивпен дос болған

Олар тіпті сүйіктілерімен кездесулерге бірге барған.

Билл үлкен үй салған

Үй Xanadu 2.0 деп аталған.  Оны тұрғызуға  7 жыл кеткен. Бір қызығы  - үйде 24 дәретхана мен 23 тұрақ болған. Бірақ Билл неліктен мұндай үй тұрғызғаны белгісіз.

Кіріс бойынша 37-ші орында

Егер Гейтстің компаниясы мемлекет болса, кіріс бойынша 37-ші орында болатын еді.

Билл Гейтс  1994 жылы Милинда Гейтсқа үйленген

Олар қайырымдылық қорын бірге ашқан.  Қайырымдылыққа 28 миллиард АҚШ долларынан көп ақша жұмсаған.

Microsoft жетекшісі тұтқаны көтермейді

Ол жұмыс кезінде ешқашан тұтқаны көтермеген.

Қисапсыз табыс

Билл Гейтстің табысы -  өте жақсы. Тіпті күніне 20 миллион АҚШ долларын табады. 

Хабарламаларға жазылу