Билл Гейтс «әлемнің ең бай адамы» атағын қайтарып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Билл Гейтс «әлемнің ең бай адамы» атағын қайтарып алды

04.03.2014
Билл Гейтс «әлемнің ең бай адамы» атағын қайтарып алды
Америкалық «Microsoft» корпорациясының негізін салушылардың бірі Билл Гейтс «Forbes» журналының нұсқасы бойынша әлемнің ең бай адамы атанды. Жаңа рейтинг бойынша 76 миллиард доллары бар Гейтс мексикалық медиа-магнат Карлос Слиманы екінші орынға ығыстырды.
 
Өткен жылдың ең бай адамы атанған мексикалықтың 72 миллиард доллар қаржысы бар. Ал үшінші орынды 64 миллиард доллардың иесі, «Inditex» («Zara» және т. б.) компаниясының негізін салушы испаниялық Амансио Ортеги иеленді.
 
Төртінші орынға қаржы әлеміндегі атақты миллардер Уоррен Баффет тұрақтады (58,2 миллиард доллар). Ал одан кейін «Oracle» компаниясының негізін салушы әрі басшысы Ларри Эллисон орналасты (48 миллиард доллар).

Хабарламаларға жазылу