Билл Гейтс 22-ші рет ең бай американдықтардың көшін бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Билл Гейтс 22-ші рет ең бай американдықтардың көшін бастады

30.09.2015
 Билл Гейтс 22-ші рет  ең бай американдықтардың көшін бастады

Microsoft компаниясының негізін қалаушы азаматтың байлығы 76 миллиард доллар болды.

Ол Forbes журналының бағалауы бойынша осымен 22-ші рет ең бай американдық азамат атанып отыр.

Бұл туралы 29-қыркүйек күні  Forbes журналының арнайы сайтынан мәлім болды.

Бил Гейтстің досы Berkshire Hathaway холдингінің иесі Уоррен Бафет байлығы жағынан екінші орында тұр. Оның байлығы бүгінде 62 миллиард долларды құрайды. Үшінші орында Oracle компаниясының негізін қалаушы Ларри Эллисон тұр. Оның байлығы 47,5 миллиард.

400 адамның байлығына баға берілген ондыққа биылғы жылы алғаш рет Amazon.com интернет-дүкенінің бас директоры Джефф Безос пен  Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг кірді.

Ең бай 400 американдықтың тізіміне ену бағасы соңғы 33 жылда ерекше жоғары деңгейге жетіп, 1,7 миллиард долларды құрады. Осыған байланысты қаржысы аталған сомадан аспайтын АҚШ-тың 145 миллиардері тізімнен тыс қалды.

Жалпы алғанда, ең бай 400 американдықтың байлығы 2,34 триллион долларды құрайды. Бұл өткен жылғыдан 50 миллиард долларға көп.   

Тамыз айында журнал өкілдері жоғары технологиялар саласында ісі ең сәтті жүріп  жатқан кәсіпкерлерді атады. Олардың көшбасшылары Билл Гейтц, Ларри Элисон мен Джеф Безос болды.  

 

Хабарламаларға жазылу