Анджелина Джоли әлемдегі ең құрметті әйел атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анджелина Джоли әлемдегі ең құрметті әйел атанды

09.05.2016
Анджелина Джоли әлемдегі ең құрметті әйел атанды

YouGov зерттеу компаниясы жүргізген сауалнаманың қорытындысы бойынша актриса Анджелина Джоли әлемдегі ең құрметті әйел атанды.

Сондай-ақ, ондыққа  II Елизавета патшайымы, АҚШ президенттігіне кандидат Хиллари Клинтон, АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама, Германия канцлері Ангела Меркель енді.

Ерлер арасында Microsoft компаниясының негізін қалаған Билл Гейтс көш бастап тұр, екінші орында – АҚШ президенті Барак Обама. Үшінші орынды Қытай басшысы Си Цзиньпинь, төртінші орынды актёр Джеки Чан және бесінші орынды физик Стивен Хокинг иеленген.

Хабарламаларға жазылу