Жастар арасында ұлттық ойындардан чемпионат өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар арасында ұлттық ойындардан чемпионат өтеді

27.09.2014
Жастар арасында ұлттық ойындардан чемпионат өтеді

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында жастар арасында көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы атудан  чемпионат өтеді.

Жарысқа  14 команда қатысады.  

Чемпионатты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, Қызылорда облысының Спорт және дене шынықтыру басқармасы, Жаңақорған ауданының әкімдігі ұйымдастырып отыр.

Спорттық шараға  Қызылорда облысынан 12 көкпаршы қатысады, ал, аударыспақ бойынша 5 адам, теңге ілуден 1, жамбы атудан 2 адам сайысқа түседі, деп хабарлайды облыстық Спорт  және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу