Астанада Тәуелсіздік күніне орай бұқаралық спорттық шаралар өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Тәуелсіздік күніне орай бұқаралық спорттық шаралар өтеді

05.12.2014
Астанада Тәуелсіздік күніне орай бұқаралық спорттық шаралар өтеді

Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының хабарлауынша, шаңғы-роллерлік трассадағы дода 15-ші желтоқсанға белгіленген.

Сонымен қатар, 16-шы желтоқсанда «Барыс» спорт кешенінде әуесқойлар арасында шайбалы хоккейден Астана чемпионаты өтеді. Ал, «Алау» мұз сарайында жаппай коньки тебу ұйымдастырылады.

Омаров атындағы шахмат клубында ұлттық және үстел ойындарына әуес жандар арасында дойбыдан блицтурнир (15-ші желтоқсан) және 13-15 желтоқсанда тоғызқұмалақтан жарыс өтеді.

ҚР Тәуелсіздік күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисі мен шахмат фестивалі болады. «Дәулет» спорт кешенінде шинкиокушинкай каратэден ашық чемпионат, 15-18 желтоқсанда «Алатау» спорт кешенінде садақ атудан «Астана кубогы», 15-19 желтоқсанда №9 БЖСМ оқ атудан турнир өтеді.

Хабарламаларға жазылу