Самбодан Азия чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Самбодан Азия чемпионаты басталды

05.06.2023

Бүгін Астанада спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер және жастар, жасөспірімдер мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Азия және Океания чемпионаты басталды. Біріншілік 11 маусымға дейін жалғасады. Жарыста 30 елден келген 600 атлет мықтыны анықтайды. Чемпионат Қазақстанда бірінші рет өтіп жатыр. Ал зағиптар мен нашар көретіндер арасында Азия және Океания біріншілігі бұған дейін болмаған. 24 мүмкіндігі шектеулі спортшы, 126 шебер, ұлттық құрамадан 72 самбошы ел намысын қорғайды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу