«Көңілді старт -2015» мәдени-спорттық шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көңілді старт -2015» мәдени-спорттық шара өтті

29.05.2015
«Көңілді старт -2015» мәдени-спорттық шара өтті

1-маусым - Балаларды қорғау күніне орай Астана қаласының әкімдігі Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен мәдени-спорттық шара өтті.

«Көңілді старт» деп аталатын сайыс осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

Онда аула клубтарының оқушылары бақ сынасады.

Эстафеталық ойындардан тұратын жарыстың басты мақсаты - жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, аула балаларына достықты насихаттау.

Дәстүрге айналған жарыс жеңімпаздарына отандық өнімнің тәтті тарту-жоралғылары мен бағалы сыйлықтар табысталды. 

 

Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу