Алматы облысында ұшқыр бәйгеден турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында ұшқыр бәйгеден турнир өтті

02.05.2023

Алматы облысында ұшқыр бәйгеден турнир өтті. Бәйге жеңімпаздары Кубокпен қатар, қаржылай сыйлыққа да ие болады. Одан бөлек көрермендер арасында «Ең үздік ұлттық киім», «арқан тарту», «қыз қуу», «асық ату» сынды ойындардан өткен сайыс көрерменнің көңілінен шықты. Ұлттық спорттың дамуы, оның әлемге насихатталуы Мемлекет басшысының назарында. Жастар арасында тай жаратып, жылқы баптауға ден қойғандар қатары көбейіп жатқаны қуантады, дейді ұйымдастырушылар.

Исламбек Салжанов, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті:

Қазір біз Қазақстандағы ұлттық спорттың дамуының концепциясын жазып жатырмыз. Президенттің тапсырмасы бойынша. Әрине, Ұлттық спортты біз жаңа дәрежеге көтеру керекпіз. Ұлттық спорттың артында ұлттық рухы, тарихы, намысы, мәдениеті тұр деп айтамыз.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу