27 қыркүйек күні Алматыда Шығыс Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Қалалықтар өнімнің 50-ден астам түрін базар нарқынан 15-20 пайыз арзан бағамен сатып ала алады.
Жәрмеңке «Астана» алаңында таңғы сағат 09:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін ашық болады.
Бұдан бөлек, 28 қыркүйек күні, сағат 9.00-де Жібек жолы мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында бал жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.