Астана 2016 жылы «ақылды бағдаршамдармен» толығымен қамтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана 2016 жылы «ақылды бағдаршамдармен» толығымен қамтылады

24.09.2014
Астана 2016 жылы «ақылды бағдаршамдармен» толығымен қамтылады

Елорда 2016 жылы толығымен «ақылды бағдаршамдармен» қамтылады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

«Біз «ақылды көше қиылыстары» жобасын жүзеге асырудамыз. Яғни, көшелер арнайы датчиктермен, бейнекамераларымен жабдықталады. Ол көше жүктемесінің артуына байланысты бағдаршамның өткізу уақытын өзгертіп отырады. Мәселен, бізде көшеде көлік болса да, болмаса да бағдаршам 25-50 секунд жанып тұратын. Ал жаңа жоба көше қиылысындағы жағдайға жедел үн қатуға мүмкіндік береді», - деді қала әкімі.

И.Тасмағамбетовтің сөзіне қарағанда, мұндай «ақылды бағдаршамдар» басқа көшелердегі көше кептелістеріне дер уақытында назар аударып отыруға мүмкіндік береді.

Жоба 2016 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, бұл қала жоба жолдарындағы көлік жүктемелерін, кептеліс проблемасын шешуге мүмкіндік бермек.

Хабарламаларға жазылу