Буш: Ресей Америкадағы сайлауға араласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Буш: Ресей Америкадағы сайлауға араласты

09.02.2018

АҚШ-тың экс-президенті Джордж Буш Ресейді 2016 жылы Америкадағы сайлауға араласты деп айыптады. Ол Кремль басшысын «ақылды тактик» деп атады. Мұны Буш Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен бизнес-конференцияда айтты. «Ресей «Қырғи қабақ» соғыстағы әдетіне басып, сайлауға араласты. Мұндай іс демократияға қауіпті», - дейді Ақ үйдің бұрынғы басшысы. Мәскеу болса, шетелдік сайлауларға ықпал етпегенін қайта-қайта мәлімдеп келеді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу