Қазақстаннан Прага, Вена, Хельсинки, Варшава, Будапештке әуе бағыттары ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстаннан Прага, Вена, Хельсинки, Варшава, Будапештке әуе бағыттары ашылады

01.11.2016
Қазақстаннан Прага, Вена, Хельсинки, Варшава,  Будапештке  әуе бағыттары ашылады

Қазақстаннан Прага, Вена, Варшаваға әуе бағдары ашылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні Астана 25 халықаралық бағдар бойынша 16 елмен тікелей әуе байланыс орнатқан. Оның ішінде Франкфурт, Лондон, Дубай, Гонконг, Сеул сынды 5 халықаралық қаржы орталығы да бар. Жалпы, бір аптада елорда әуежайынан 415 рейс орындалады. Оның 126-сы халықаралық, ал 289-ы ішкі бағдарлар.

EXPO-ға дайындық үшін «ашық әуе» және Астана әуежайында күнделікті рейстерге шектеулерді алып тастау бойынша ілкі жобаларды іске қосу жоспарлануда. Прага, Хельсинки, Вена, Варшава, Будапешт сынды 8 жаңа бағыт ашылады деп күтілуде», -деді Қасымбек.

Оның сөзіне қарағанда, 2012 жылы ішкі әуе тасымалдау нарығы толығымен ырықталған. Қазіргі уақытта 6 әуе компаниясы 39 бағдар бойынша ішкі рейстерді орындайды. Ішкі бағдарлар субсидияланады.

Ағымдағы жылы туризмді дамыту мақсатында Алматы мен Астанадан Балқашқа, Алматыдан Үржарға және Ақтаудан Көкшетауға әуе рейстері ашылған. Келесі жазғы маусымда Астанадан Үржарға, Алматы мен Астанадан Үшаралға әуе рейстерін ашу көзделіп отыр.

egemen.kz

Хабарламаларға жазылу