30 қарашада елордада ASTEX Astana Smart City Халықаралық форум-көрмесі өтеді

18.11.2016
30 қарашада елордада ASTEX Astana Smart City Халықаралық форум-көрмесі өтеді

30 қарашада Астанада Оқушылар сарайында ASTEX Astana Smart City-2016 халықаралық форум-көрмесі өтеді.

Шараның негізгі мақсаты - барлық ресурстардың, тұрғындардың қажеттіліктерінің жан-жақты тепе-теңдігін қамтамасыз ететін қалалық инфрақұрылымның интеллектуалды дамуына ықпал ететін «ақылды қалаларды» құру мәселелерін талқылау.

Форум-көрмеде АТ компаниялардың жаяу жүргіншілер өткелдерін жарықтандыру, SchoolBus «Smart мектеп», «Smart емхана», e-ПИК; 109 қызметі, Ұлттық ГАЖ жүйесін құру; Smarttracking және т.б. АКТ-жобалары ұсынылады.

Бұдан басқа, ASTEX Astana Smart City: «Сынақтар, перспективалар және стандарттау» конференциясын өткізу жоспарланған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Конференцияда екі сессия өтеді: олардың бірі ақылды қалалар мен стандарттарды құруға арналған, ал, екіншісі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған смарт шешімдерді анықтайды.

Форумда «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Әлнұр Ермағамбетов Қазақстан елордасында «AstanaSmartCiti-жобалар» бағдарламасын жүзеге асыру жайлы айтып береді. «Ақылды қаланы» құрудағы маңызды смарт шешім - Ұлттық геоақпараттық жүйе мемлекеттік жобасы. Бұл жоба жайында «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің ҰГАЖ жобасының жетекшісі Қуат Сағадиев толық мәлімет береді.

Хабарламаларға жазылу