Ерлан Сағадиев: 2020 жылы еліміздегі балабақша кезегі 100 пайызға жойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Сағадиев: 2020 жылы еліміздегі балабақша кезегі 100 пайызға жойылады

08.04.2018

Ертегідей естіледі, бірақ, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осылай деп сендіріп отыр. Елде 2016-2019 жылдарға арналған білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бар. Осыған сәйкес, былтыр 445 млрд. теңге бөлініп, ол 99 пайызға игерілген. Жалпы 4 жылға жоспарланған мемлекеттік бағдарламаға жүктелген негізгі міндет – 3-6 аралығындағы балаларды толығымен балабақшамен қамту. 

Ерлан Сағадиев елдің көңіліне үлкен үміт ұялататын мұндай мәлімет таратқан алғашқы министр емес. Соңғысы да бола қоймас... Осы тақылеттес есепті осыған дейін, нақтылай түссек, 2013 жылдың 26 наурызында сол тұстағы білім министрі Бақытжан Жұмағұлов та жасаған. Ол кезде министр 2017 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жастағы балалардың барлығы балабақшамен қамтылады, - деп мәлімдеген еді.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу