Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезі 2015 жылы Астанада өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезі 2015 жылы Астанада өтеді

22.09.2014
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  V Съезі 2015 жылы Астанада өтеді

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  V Съезі 2015 жылы Астанада өтеді.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов мәлімдеді.

 «Дәстүрлі және әлемдік діндердің конфессия өкілдерімен жан-жақты талқылау барысында 2015 жылдың маусым айында Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезін өткізу туралы шешім қабылданды», - дейді вице-министр.

Съезд тақырыбы -  «Бейбітшілік пен даму жолындағы діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің диалогы».

Вице-министрдің айтуынша, Съездің барлық секциясының тақырыбы бекітіліп, соған сай келесі Хатшылықты өткізу уақыты анықталды.  

«Хатшылықтың 14-ші отырысы 2015 жылдың  9-маусымында өткізіледі. Дайындық жұмыстары басталып кетті, енді жұмыс тобы іске кіріседі», - деді М.Әзілханов.

strategy2050.kz

Хабарламаларға жазылу