Қазақстанда студенттерге арналған 15 жатақхана салынады

22.09.2014
Қазақстанда студенттерге арналған 15 жатақхана салынады

Елімізде алдағы 2 жылда студенттерге арналған 15 жатақхана салынады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Такир Балықбаев Қостанай мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты кеңесінің мүшелерімен кездесуінде мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қостанай облысының өзінде 50 мыңнан астам студент бар. Білім іздеген жастарды толғандырар бірінші мәселе - осы жатақхана жайы. Білім, ғылым саласында да шешімін күткен мәселелер аз емес. Жас ғалымдарға қойылар талап күшейіп, ғылыми атақ алу қиындаған.

Министрдің орынбасары мәселелердің біртіндеп шешіліп келе жатқанын баяндады. Ол заман талабына сай мамандар даярлау мәселесі де мемлекеттің басты назарында екенін айтып өтті.

«Мемлекет «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы бойынша мамандар дайындауға бүгінгі таңда үлкен көңіл бөліп отыр. Республиканың 10 жоғары оқу орындарының колледжінде осы мамандарды дайындайтын болады. Оған жаңа бағдарлама жасау, материалдық база, мұғалімдерді даярлау туралы үлкен мәселелер шешіліп жатыр», деді ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Такир Балықбаев.

 

Хабарламаларға жазылу