Алматыда студенттерге арналған жаңа жатақхана пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда студенттерге арналған жаңа жатақхана пайдалануға берілді

02.11.2022

Алматылық студенттерге 356 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетінің №5 жатақханасы күрделі жөндеуден өтіп, бөлмелері жаңартылды. Бүгін сол ғимараттың ашылуы өтіп, оған білім ордасының ректоры мен оқытушылар, студенттер қатысты.

Биыл қалашықтағы екі жатақханаға осындай күрделі жөндеу жүргізілген. Жалпы Әл-Фараби университетінде 26 мың студент білім алады. Алайда оның 6 мыңы ғана жатар орынмен қамтылған.

Жансейіт Түймебаев, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ректоры:

Қасым-Жомарт Тоқаев мырза келгенде жаңа КазГУград қалашығының жобасын ұсындық. Сонда тағы да 12 жатақхана салу жоспарымызды қолдады. Әрине барлығын қысқа уақытта қамтамасыз ету мүмкін емес, бірақ біздің үлкен жоспарымыз бар.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу