Ақтауда отбасыларға арналған жатақхана салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда отбасыларға арналған жатақхана салынады

06.02.2015
Ақтауда отбасыларға арналған жатақхана салынады

Жоба құны – 800 миллион теңге. Аумағы 1 гектарға жуық.

Енді Ақтауға қызметке орналасам деп келген отбасылы жандар баспана іздеп әуреге түспейді. Олардың жатақхананы паналауға мүмкіндігі бар. Мұнда 2 және 4 бөлмелі пәтерлер болады.

Ал, ауласында балалар алаңы мен автотұрақ орналасады. Қазіргі таңда қажетті барлық құрылыс жабдықтары дайын.

Бес қабатты жатақхананың құрылысы наурызда басталып, жыл соңында пайдалануға берілмекші.

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу