Алматының таңғажайып табиғаты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының таңғажайып табиғаты

20.09.2014
Алматының таңғажайып табиғаты

Алматы қаласы өзінің ғажайып табиғатымен талайды таңдай қақтырған. Іле Алатауының қойнауында орналасқан әсем қаланың табиғаты да әсем болуы тиіс. Алматы қаласы дегенде ең алдымен «Медеу» шатқалы ойға оралады.  

Шатқал Іле Алатауының солтүстік баурайында Кіші Алматы өзені аңғарында, теңіз деңгейінен 1520- 1750 метр биіктікте орналасқан. Оны Кімасар тау сілемі қоршап жатыр. Шығысы Қабырғатаумен, оңтүстік-батысы Құмбелмен, оңтүстігі «Медеу» спорт кешені шектеседі.

Алматыда тағы бір көркі көз тартар «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты тағы бар. Таудың кереметтей көрінісі, жұмсақ климаты мен шуағы мол күндердің көп болуы, қар қабатының ұзақ уақыт жатуы, осында туристер мен тау шаңғы спорты әуесқойларын еріксіз өзіне тартады.

Бүгін 15.55-те «Мәлім де беймәлім Қазақстан» хабарын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу