Өскеменде бильярдтан ашық Азия чемпионаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде бильярдтан ашық Азия чемпионаты өтеді

20.07.2015
Өскеменде бильярдтан ашық Азия чемпионаты өтеді

21-25 шілдеде Өскеменде бильярдтан ашық Азия чемпионаты өтеді.

Бұл туралы ШҚО Ақпарат орталығы мәлімдеді.

Халықаралық бәсекеге 15 мемлекеттің спортшылары қатысады.

Ерлер арасындағы «еркін пирамида» түріндегі жарысқа Қазақстаннан өзге Ресей, Украина, Беларусь, Латвия, Литва, Эстония, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия және Армения мемлекеттерінің спортшылары қатысуға ынта білдірген.

Жарыстың жалпы жүлде қоры - 5 миллион 580 мың теңге.

Бас жүлдеге 1 миллион 674 мың теңге, ІІ орынға 930 мың теңге, ал, ІІІ орын иегеріне 558 мың теңге беріледі.

Хабарламаларға жазылу