Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты басталды

27.11.2014
Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты басталды

Тараз қаласында бокстан Қазақстан чемпионаты басталды. Ел біріншілігінде Астана және Алматы қалаларынан бөлек 14 облыстан 194 боксшы бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Турнирге Астана, Алматы қаласы, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарынан 15 боксшы қатысады. Сондай-ақ, Қарағанды облысынан - 13, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан - 12, Павлодар облысынан - 11, Ақтөбе, Атырау, Қостанай облыстарынан - 10, ал, Бастыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан 6 былғары қолғап шеберлері жұдырықтасатын болады.

Ел біріншілігіне 18 жастан жоғары боксшылар қатыса алады. Чемпионат қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған боксшылар Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі атанады.

Турнир кестесі:

27-30 қараша - іріктеу жекпе-жектер.
1 желтоқсан - ширек финал;
3 желтоқсан - жартылай финал;
4 желтоқстан - финал.

Хабарламаларға жазылу