20 қыркүйек күні Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сенбілікке 90 мың адам, 8,5 мың мекеме, 170 оқу орны, 360 ПИК қатыспақ. Астана қаласы әкімдігі қала тұрғындарын, мекемелер мен ұйымдарды жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырады», делінген баспасөз мәлімдемесінде.
Аудандық әкімдіктер барлық қатысушыны қажетті құрал-жабдықпен, қолғаптар және қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етеді. Сенбілік барысында қоқыс шығару үшін 460 бірлік техника қатыстырылады.
Сондай-ақ, 4,5 мың көшет егу жоспарлануда.